Арнайы күзетшілік қызметтері Осы ақпаратты қоржынға қосу

«Г4С Қазақстан» ЖШС (Г4С Қ) компаниясы Қазақстандағы күзетшілік қызметінің нарығында үздік орында тұр. Біздің басты қызметтеріміздің кәсіпшілігі мен жоғары сапасы негізінде компанияда одан әрі түрлі қызметтер пайда болды, бұл, бәрінен бұрын, клиенттердің талабына сай болу мақсатында пайда болған жаңа қызметтер. Арнайы қызметтер бірреттік немесе қысқа мерзім контракттардан құрылып, өзіне арнайы дағды мен даярлықты талап етеді.

Жоғарғы қызметтегі адамды қорғау

Жоғарғы қызметтегі адамды қорғау группасының (ЖАҚГ) басты міндеті – компания Бастықтары, атақты адамдар және басқа да маңызды адамдар келген кезде, барынша байқағыш бола отырып, қызмет атқару мезгілінде көзге түспеуі қажет. Группаның мөлшері мен құрылысы қауіп қатер мүмкіндігі мен клиент талабына байланысты. Автокөлік жүргізуші, қадағалаушы, немесе сақтаушы болсын, әрбіруінің де күрделі тәжірибесі бар, ЖАҚГ құрамында даярлықтан өткен қызметшілер болып табылады.

Ерекше мерекелі рәсімдерді күзету

Г4С Қ компаниясы сауда көрмелері, жаңа тауарларды алғашқы таныстыру, жеке меншік компаниялардың мереке кештері, демеушілердің әрекеттері, спорт мерекелері және де басқа кәсіпші күзетшілік қызметін қажет ететін ерекше мерекелі рәсімдерді өткізген кезде өзінің қызметін көрсетеді.

Тексерулер/ Аудиттер

Г4С Қ компаниясы өзінің клиенттерін объекттердің қауіпсіздігін тексеретін тәуелсіз аудиттермен қамтамасыз етеді. Г4С Қ өзінің күзетшілік қызметін объекттерде орнатқанына қарамастан, инспекция департаменті тәуелсіз түрде компания ішінде әрекет етіп, біздің профессионалды дәрежеміз және стандарт сапалығымызды сақтауда басты рөл атқарады.

Қауіпсіздік мәселесіне тексеру

Г4С Қ әр қызмет көрсету алдында объекттерді қауіпсіздік мәселесіне тексеруін жүзеге асырады. Бұл тексеру клиент талаптарын, қауіпқатерді анықтап, оның дәрежесін төмендетуге арналған әрекеттер үшін ең маңызды рөл атқарады. Тексеруді жүзеге асыру сапалы қызмет көрсетуінде негізделген, жай күзетшілік қызметінен бастап физикалық және техникалық дәрежелеріне жететін жүйелерді қауіпсіздендірумен қамтамасыз ететін процесс.

Қысқа мерзімді келісім шарттар

Г4С Қ клиенттерінің талаптарына сай қысқа мерзім шартында да өзінің қызметтерін көрсетеді, оның ішінде күзетшілік қызметі, қолданылып жатқан қауіпсіздік жүйелерін жетілдіретін қосымша қызметтер, жағдайлардың күрделілуіне, жаңа офис, компанияның ашылуына немесе қысқа мерзімді келісім шарттың пайда болуына байланысты көрсетілетін қызметтер.

Даярлық мерзімі

Әрбір арнайы күзетшілік қызметін сапалы дәрежеде көрсету үшін басты зат бұл даярлық мезгілі. Неғұрлым даярлыққа уақыт көп жұмсасақ, соғұрлым біздің қызметіміздің дәрежесі көбейе береді.