Күзету қызметіОсы ақпаратты қоржынға қосу

«Г4С Қазақстан» ЖШС (Г4С Қ) жұмысының табыстылығы оның жоғары сапалы және кәсіпшілік күзетшілік қызметінде негізделген. Күзетшілік компанияның негізгі қызметі болып отырып, үздік рөл атқаруын жалғастырады, бұл компанияға Қазақстан іші және бүкіл Орта Азия аймағында өзінің қызмет саласын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның жоғары сапалы және профессионалды қызметі жергілікті және халықаралық клиенттермен расталады.

Г4С Қ күзететін объектілер дәлелденген көлемі мен түрі әртүрлі, оған: мұнай-газ кәсіп, көмірсутекті шикі заттарды шығару, тазарту, сақтау және тасымалдау құрылғылар, кен мен алтын шығаратын шахталар, офистер, банктер, резиденция мен тұрғын үйлер, елшіліктер, дүкен, қойма бөлмелер, құрылыс алаңдары және қоғамдық демалыс аймақтар сияқты объекттер кіреді.

Компания қызметкерлер құрамының 120-дан 4000-ға өсуі тағы оның қызметінің жоғары сапалы және профессионалды болып есептелетінін дәлелдейді. Компанияның ең басты құндылығы болып оның қызметкерлері саналады, сондықтан Г4С Қ өзінің қызметкерлерін оқытып кәсіпшілік жағын дамыту үшін күрделі қаржы жұмсайды. Г4С Қ компаниясының жұмысқа жалдап алу саясаты өте қатаң, ықтимал кандидаттардың тек 25% ғана іріктеудің талаптарына сәйкес келіп, оның ішінен 70% ғана оқыту бағдарламасынан өтеді.

Объекттердің әр түрлілігіне назар аудара отырып, клиенттердің талаптарына сай болу үшін, Г4С Қ көп жоспарлы күзет қызметтерін атқарады. Күзет қызметкерлерін бекет орнына жұмысқа жалдап аларда пайдаланатын талаптарға тәжірибе, даярлық және профессионалды дағды дәрежесі, сонымен қатар әрбір қызметкер жұмысының әрекетінің нәтижесін бағалайтын жүйе жатады.

Саудалық\тұрғын объекттерін күзету: Осындай объекттерде қызмет атқаратын күзет офицерлерінің негізгі сапасы байқағыштық және клиент мүлігін бақылау мен қорғауын қамтамасыз ету мақсатында әр кезде жәрдемге келу болып саналады. Күзет офицерлері нақты ортада бейімделіп, сонымен қатар қажетті қашықтықты сақтау, клиент талаптарын сыйлап, өзінің міндеттеріне тиісті назар аудару сияқты жұмыстарды атқару үшін, олар үздік коммуникативті қасиеттері, сыпайы және көрнекті сыртқы түріне қарап та іріктеледі.

Өнеркәсіп объекттерін күзету: Күзетші офицерлер құрамы жиі экстремалды ауа райы жағдайларында жұмыс істейді, сондықтан өнеркәсіп объекттеріндегі күзет офицерлердің басты міндеті қызмет құрамының, мүлік және құрылыстардың қауіпсіздігін үздіксіз қамтамасыз етуі болып табылады. Осындай объекттерде қызмет жасауы үшін олар іске профессионалды тұрғыдан қарап, сенімділік және әртүрлі төтенше жағдайларда өзінің жұмысын атқаруға қабілеттілігі негізінде іріктеледі.
Г4С Қ өнеркәсіп, саудалық және тұрғын объекттерінен басқа қосымша қызметтерді атқару мақсатында мамандырылған күзетшілік қызмет құрамын ұсынады. Осы қызметтерді атқару үшін қызметшілердің тәжірибесі, кәсіптік оқыту дәрежесі, дағдысы, жеке қасиеттері және мамандығы, олардың атқарып жатқан қызметінің ерекшелігіне байланысты таңдалды. Қызмет көрсету аясына кіретін төмендегі мамандықтар:

  • Машинаны қауіпсіз айдау дайындығын өткен жүргізуші
  • Келушілерді қабылдау қызметкерлері
  • Кинологтар (итті күзетке пайдалану)
  • Инспекторлар / Инвестигейторлар
  • Қауіпсіздік мәселелерді шешетін менеджерлер
  • Жоба менеджерлері

Қызмет атқаратын объекттеріне тәуелсіз, Г4С Қ компаниясының барлық күзет офицерлері жергілікті және халықаралық үлгілеріне сай кәсіби оқытудан өтіп, ҚР заң шығарушылығына лайық қызмет атқарады.
Күзетшілік қызметі компанияның ең басты бағыты болып табылады. Біздің табысымыздың ең маңызды элементтері біз атқаратын қызметтердің кәсіби деңгей, сапалы және жоғары стандартта болып есептеледі. Біз осы стандарттарды клиенттер талаптарына сай болу мақсатымен одан әрі жоғарғы деңгейге дамытудамыз.