Төтенше жағдайлар қызметіОсы ақпаратты қоржынға қосу

1997 ж. «Г4С Қазақстан» ЖШС (Г4С Қ) компаниясы өзінің клиенттеріне (халықаралық және жергілікті компаниялар, қызметшілер және отбасы) қауіпсіздік қызметтеріне қосымша түрде 911 қызметін ұсынды.

Бұл қызмет ажыратылған телефон желісі, бірнеше тілдерде сөйлейтін диспетчерлер мен жедел әрекет тобынан (ЖӘТ) құрылады. 911 телефон қызметін пайдалансаңыз көмек сізге әр жағдайда, кез келген жағдайда да келетініне көз жеткізесіз.

Телефонмен көмек сұрау өтінішін қабылдаған кезде, қызмет диспетчері бұл ақпаратты кезекші супервайзерге тапсырады, ал супервайзер радио байланысы бойынша оқиға орнына ең жақын орналасқан ЖӘТ- экипажына хабарлайды. Жағдайға байланысты, супервайзер оқиға жерін толық бақылап отыру мақсатымен қосымша ЖӘТ қызметкерлері мен басқа резервті бөлімшелерді шақыртып немесе басқа ЖӘТ қызметкерлерінің патрульдеу графигін өзгерте алады.

ЖӘТ экипажы бір көлік жүргізуші күзет қызмткері мен ағылшын тілін меңгерген бір күзет қызметкерінен құралады. Дабыл белгісі қабылдаған кезде ең жақын орналасқан ЖӘТ экипажы өте қысқа мерзімде қаланың әр нүктесіне келіп керекті көмек көрсетеді.

ЖӘТ экипажын әр жағдайда шақыртуға болады, соның ішінде:

  • шабуыл (күш жұмсау, тіл тигізу, тонау әрекеттері, тағы басқа);
  • жарылыс (пәтер ішінде, үйдің қасында, автокөлік ішінде немесе авария кезінде);
  • ауру немесе жарақат (дәрігерлік жәрдем үшін);
  • байбалам, қауіп қатер, күдікті әрекет немесе объекттер;
  • тасқын, өрт немесе коммуналды мәселелер (біз осы жағдайлардың барлығында да көмек көрсетуге тырысамыз);
  • Жол-транспорттық авариялар (жағымсыз жағдайларға жоламау үшін, МАИ офицерлерін шақырумен қатар ЖӘГ экипажын шақыру қажет);
  • Бейтаныс жер (Егер де қалада жоғалып қалсаңыз, операторға соққаныңыз жөн, ол ЖӘГ экипажымен бірге сізге жол табуға көмектеседі) және тағы басқа.

ЖӘТ экипажы дабыл сигнализацияны естіген мезгілде өз әрекетін атқарады. Автоматты түрде қабылданатын дабылдар шақырудың себебін көрсете алады: дабыл баспасының дамылуы, күзетіліп жатқан аймақта болып жатқан қимыл-қозғалыстарды білдіретін дабыл, ылғалдық датчигінің әрекеті (күзетіліп жатқан аймаққа су тасыған кезде), өрт дабылының әрекеті, дәрігерлік жәрдемді шақыру кнопкасы, газ датчигінің әрекеті және тағы басқа. Біздің компания өзінің немесе қажетті кездерде қосымша жүйелердің әрекеттерін бақылап үйлестіруі үшін арнайы шаралар жетілдірген.

Компанияға телефон соғу барысы

Клиенттер Г4С Қ диспетчеріне төтенше немесе қолайсыз жағдайларда ұялы, офистік немесе үй телефонын пайдаланып соға алады. Келісті ЖӘТ экипажын жіберу үшін, клиент диспетчермен сөйлескен кезде, оны жағдаймен таныстыру қажет. Диспетчер клиенттен ат есімі мен қызмет етеін компаниясынң атын сұрап алады. ЖӘТ экипажы осы ақпаратты қабылдаған кезде, оқиға түріне қарамастан оқиға жеріне шығады, содан соң диспетчер жағдайға байланысты қалған сұрақтарын қоя алады.