Жүкті жанамалау қызметі
Жүкті жанамалау қызметі «Г4С Қазақстан» ЖШС (Г4С Қ) компаниясының өзінің клиенттерінің өсіп бара жатқан сұранысына жауап ретінде ұсынылған ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Жүкті жанамалау өзіне келесі қызметтер кіреді:
- Қауіпсіз және сенімді жүк тасымалы мен шабуыл әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз ету;
- Жүкті жанамалайтын жүргізушілер мен клиенттердің өкілдерін қорғау;
Күзет қызметкерлері диспетчерлік орта және компанияның кезекші бөлімімен үздіксіз байланыс жүргізуі мақсатында сенімді телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету.
Клиенттерімізге жоғарғы дәрежелі қызмет көрсету мақсатында біздің қызметтер өзіне:
- Жүкті жанамалау командасына қосылу үшін арнайы кәсіби оқыту курсын өткен қаружарақты күзет қызметкерлерін қосады. Клиенттің құнды заттары мен мүлігін тасымалдау барысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күзетшілер кішігірім рация, жеке басын қорғау құралдары, соның ішінде брондалған жилет және шлеммен жабдықталуы қажет.
- Команда құрамында одан да басқа қажетті кезде полицияның өкімет мүшелерімен тіке байланыс ұстап тұру мақсатында қаружарақты полиция қызметкері болады.
- Жүкті жанамалау тобы төтенше жағдайларда Қазақстанның әр нүктесінен диспетчерлік ортамен хабарласу үшін спутник және ұялы байланысымен жабдықталады.
- Компания жұмысы халықаралық стандарттары мен талаптарына сай қауіпсіздендірілген.
- Жүк жанамалау құрамы мен автокөліктердің саны әрбір жағдайда қауіп қатерді бағалау барысы және клиенттің арнайы талаптары мен шарттары арқылы анықталады.
Жүкті жанамалау күннен күнге клиенттердің қызығушылығын арттыратын Г4С Қ қызметтердің бірі болып табылады. Г4С Қ компаниясының басқа қызметтері сияқты бұл қызмет де клиент мүлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Жүкті жанамалау біздің клиенттеріміз бүкіл Қазақстан аймағында пайдалана алатын компанияның басқа қызметтерін тамаша толықтырады.