Г4С веб-сайтын пайдалану шарттары
Бұл веб-сайтта көрсетілген ақпарат тек қана Г4С плс, оның еншілес, ассоциацияланған мекемелер және олардың қызметтері жайлы мағлұмат беру үшін арналған.
Г4С өзінің сайтындағы ақпаратты жинауда жүйелі әдістемелерді пайдаланғанымен, біз бұл сайтта орналасқан әр бір мағлұматтың немесе сайттағы берілген сілтеме арқылы алынған үшінші жақтардың ақпаратының дұрыстығы мен толықтығына кепілдік бермейміз.
Бұл сайтта орналасқан ақпаратттың ешқайсысы акцияларды сатуға ұсыныс, кепілдеме, немесе шақырымды білдірмейді, және акцияларды сатып алу мақсатында берілген ұсыныс немесе кепілдеме болып табылмайды.
Осы сайтқа кірген кезде, заңмен рұқсат етілген шамада, сіз келесіге келісім бересіз: Г4С ешқай жағдайда кез келген зиян үшін (деректі, тіке немесе тіке емес), сайтта орналасқан мағлұматтың немесе сайттағы берілген сілтеме арқылы алынған үшінші жақтардың ақпаратының әсері нәтижесінде немесе сонымен байланысты келісім шарт немесе азаматтық құқықты бұзу, және сайттың істеп істемеуіне жауапкершілікке тартылмайды.
Г4С тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етуі Г4С-дің сол тауарлар мен қызметтерге сәйкес келісім-шарттың стандартты шарттарымен шектеледі де, бұның көшірмесі талап етілген кезде беріле алады.
Осы сайт авторлық құқықпен қорғанады, және де сайтта орналасқан Г4С-дің барлық интеллектуалды мүлігі (сауда маркасы, патент және әрлендіру құқығын қоса бірақ онымен ғана шектенбей) мен бренді Г4С-дің жеке меншігі болып табылады. Сіз осы сайттың беттерінде орналасқан ақпараттың көшірмесін өзіңіздің компьютеріңізде сақтауға немесе сауда мақсатында емес, жеке басыңызбен қолдану мақсатында ғана басып шығаруға қақыңыз бар. Г4С-дің жазбаша келісімісіз, сіздің сайтта орналасқан мәтін мен кестелерді өзгертуге немесе қайта қолдануға құқығыңыз жоқ.