Г4С Қазақстан ЖШС ұжымының қарекетіндегі жаңа бағыт
9 ақпан 2010
Осы жылдың Қазан айында Астана қаласында әлемге әйгілі Метро Кэш энд Кэри ұжымының жаңа көтерме сауда үйі ашылды. Бұндай сауда үйлерді Метро Кэш энд Кэри Ресей мен Украинаны қоса тұра әлемнің көптеген елдерінде ашқан.
Астанада соған ұқсас әртүрлі сауда үйлерінің молдығына қарамастан жаңа сауда үйі көптеген тұрғындардың назарын алып, олар сауда үйін шын мәнінде үш-төрт күн бойына қоршады. Метро ұжымы жақын арада Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Шымкент және Атырау қалаларында тағы бірнеше сауда үйлерін ашуды жоспарлайды. Астанадағы жаңа сауда үйінің ашуылуы жоғары сапалы күзет қызметін талап етті және де Метро Кэш энд Кэри ұжымының қазақстандық бөлімінің басшылығы өзінің күзет қызметімен жабдықтаушы түрінде Г4С Қазақстан ЖШС ұжымын таңдады. Қазан айының аяғында орын алған сауда үйінің ресми ашылуы оның қызметшілері ғана емес, күзет қызметшілерінің де айлар бойына жүрген дайындықтарының шарықтау шегі боп табылды. Өткен бірнеше айда клиенттің мұқтаждарына жоғары деңгейде сай болуын қамтамасыз ететін қызмет тәсілдері дамытылды, сондай-ақ жақын арада басқа да өзгермелер таныстырылуда, өйткені клиент қарекетінің көлемі айқынырақ көрініп, ал жергілікті Кэш энд Кэри тұтынушыларының реңктері Метро және Г4С Қ қызметкерлеріне түсініктірек болып келе жатыр.
Осылайша, Кэш энд Кэри сауда үйінің ашылу аптасына келген Ресейдегі Метро Кэш энд Кэри ұжымының Қауіпсіздік Бөлімінің Басшысы Виталий Гармаш Г4С Қ-ның қызметін өз көзімен көрді. Ол дамып келе жатқан ілгерілікке риза болды.
Сауда үйлерін күзету біздің ұжым үшін жаңа да қызықты бағыт болып табылады, және де күзетшілік қызметінде жаңа ойлар мен тәжірибелердің катализаторы болып табылды. Ал бұл өз кезегінде көрсетіліп жатырған қызметтердің саласын кеңейтіп, олардың сапасын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, Г4С ұжымының бүкіл дүние жүзіндегі халықаралық тәжірибесі мен Метроның Аймақтық Қауіпсіздік Қызметімен ынтымақтастығын пайдалану арқасында бізде жаңа жүйелер мен процедураларды енгізуге мақсатталған үлкен мүмкіншіліктер бар.
Байланыс құралдары