Мақаштан шыққан қаһарман Осы ақпаратты қоржынға қосу

5 ақпан 2010

Бұл күнде Құрманғазы ауданындағы Мақаш ауылының өз ресми қаһарманы бар. Бекжан Кабулов, «Г4С Қазақстан» ЖШС-нің қызметкері екі адам өмірін құтақарып қалды және де ол «Төтенше жағдайларды алдын-ала сақтандыру және оларды жоюдағы көрсеткен қаһармандығы үшін» медальмен марапатталды.

Бұл оқиға, Бекжан Кабулов 2009 ж. маусымның 12-і күні кезекшілікте тұрған кезде орын алды.

Бекжанның қызмет атқарған бекеті Жайық өзенінің жағалауына шығады. Ол біренеше қыздың өзен жағасына жақындағанына назар аударды. Біраз уақыт өткеннен кейін ол көмекке шақырған дауыстарды естіді. Бекжан өзен жағалауына жүгіріп шығып, суға батып бара жатқан екі қызды көрді.

Жағдайды дереу түсініп және жылдам әрекет қолдана отырып, Бекжан рациямен отряд командирін шақырып үлгерді. Үстіндегі киімін шешпей ол суға қарай ұмтылды және бірінші, су бетіндегі қызға көмек көрсетті. Екіншісін шығару үшін Бекжанға су астына сүнгуге тура келді. Оның батыл әрекетінің арқасында, ең қауіпті жерлердің бірінде ойланбай шомылуға бекінген екі 15-жастағы қыз құтқарылды. Бекжан екі адам өмірін құтқаруға барлық күшін салып жағдайға сәйкес әрекет қолданды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде Бекжан Кабуловтың қаһармандық ісі ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің басшыларымен аталып көрсетілді. Құтқарушылардың кәсіби мереке қарсаңында ол «Төтенше жағдайларды алдын-ала сақтандыру және оларды жоюдағы көрсеткен қаһармандығы үшін» медальмен марапатталды.

«Г4С Қазақстан» ЖШС-нің басшылары мен барлық қызметкерлері өз әріптесінің батырлығымен мақтаныш тұтып, оны медаль алуымен құттықтайды.

Байланыс құралдары