Сапалы күзет қызметтерін көрсету 
4 ақпан 2010Көптеген дамыған елдерде сапамен қамтамсыз ету сұрақтарына, өндірісті басқару, тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау әдістеріне көп көңіл бөлінеді.
Сапамен қамтамасыздандыруға байланысты мәселелерді шешу үшін дүние жүзі бойынша, тиімді сапа менеджментінің жүйелерін енгізу және оны қамтамсыз ету ұжымдарға 9001 сериясының ИСО стандарттары көмек ретінде дамытылды.
Сапа менеджмент жүйесі (СМЖ) – бұл түпкі нәтиженің сапасына бағытталған ұжымның бүкіл өндірістік-шаруашылық қызметін басқару, ал бұл ең алдымен терең қарастырылған жұмыс ережелері және жұмысшылардың кәсіпорын ішіндегі қажетті көлемде докуменнтелетін өзара әрекеттері.
«Г4С Қазақстан» ЖШС-і банк, мұнай және газ, металлургия, энергетика секторларына және коммерциялық ғимараттарға күзет қызметін көрсете отырып, осы қызмет саласында озық дәрежеге қол жеткізді, себебі ең алдымен қаражаттарды халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін озық күзет технологияларына инвестизациалайды.
2009 жылы Компанияда 9001 сериясының халықаралық ИСО талаптары мен қағидаларына сай СМЖ-ін жетілдіру және оны енгізу туралы стратегиялық шешім қабылданды. Қазіргі кезде біздің СМЖ сәтті енгізіліп, SGS United Kingdom ltd. Systems & Services Certification (HU 09/4062) мекемесімен аккредетивтеліп, сертификациаланды.
Сапа саласындағы саясатты жетілдіре отырып, «Г4С Қазақстан» ЖШС-нің басшылары 9001:2008 ИСО стандартының жаңа болжамасына көшу және дәйекті түрде СМЖ-ні компанияның барлық филиалдарына енгізу туралы мақсат қойды. 2010 жылы бұл шараларды Астана, Ақсай және Өскемен филиалдарында қолдану жоспарланады. СМЖ-ні филиалдарда енгізу, олардың күштерін тікелей сапаға қарай бағдарлауға, әкімшілік басқару тиімділгін көтеруге, құжаттаманы жүйелеуге, бөлімшелер арасындағы өзара әрекетті ретке келтіруге, олардың жұмысын жоспарлы етіп жасауға, өндірістік процесс пен процедураны пысықтап анықтауға, қателіктерді жоюға емес, керісінше оларды ескертуге, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету жайлы өз мүмкіншіліктерін көрсету мүмкіндік туғызады.
Біз, СМЖ-нің енгізілуі, қызметтің сапасын арттыруға, жалпы Компанияның имиджін көтеруге және де бәсекешілер алдында белгілі артықшылықтар беретініне сенімдіміз.
Байланыс құралдары
G4S туралы